Қазақстанның тағы бір теннисшісі Париж Олимпиадасынан шығып қалды. Юлия Путинцева тізесінен жарақат алып, Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады.
Путинцева Парижге ұшып барып, ойынға дайындалған. Алайда украиналық Марта Костюкпен бастапқы ойын алдындағы дайындық кезінде тізесінің ауырғанын сезініп, матчтан бас тартқан.
Еске салсақ, Уимблдонда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңгеннен кейін Юлия тізесінің ауырғанына шағымданған.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев жағдайды былай деп түсіндірген:
«Париж Олимпиадасы біз үшін нағыз сынақпен басталды. Бұрнағы күні Елена Рыбакина денсаулығына байланысты жарыстан шет қалды, бүгін біздің командада жарақатына орай Юлия Путинцева...