2024 жылғы қаңтар-маусымда банктердің таза пайдасы 1 157 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,9%-ға көп.
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 5,8%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге өсуі есебінен 3,9%-ға немесе 2,1 трлн теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 7,5%-ға немесе 3,9 трлн теңгеге өсу). Осылайша 55,3 трлн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 16,3 трлн теңгені немесе активтердің 29,4%-ын құрады. Бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
2024 жылғы маусымда екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 2,0%-ға 30,1 трлн теңгеге жетті (2024 жылдың басынан бері 7,7%-ға өсу). Оның ішінде ұлттық валютада 1,5%-ға 27,6 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 7,4%-ға 2,5 трлн теңгеге...