Биыл жыл соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 112 мектеп ашылады. Оның 21-і мерзімен бұрын, тамыз айында оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Үкіметте қаралды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды.
Жиында мәлім болғандай, 2026 жылға дейін 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салынады. Қазіргі уақытта 217 мектептің құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Бұл ретте отандық тауар өндірушілерге басымдық беріледі. Ұлттық жобадағы қазақстандық өндіріс материалдарының үлесі орта есеппен 70%-ды құрайды. Оның ішінде құрылыс материалдары 90%-ға дейін отандық өнім болуға...