Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің бауырына тиесілі ферроқорытпа зауытында болған апат жайлы компания екі сағат өткен соң ғана хабарлаған. Құтқарушылар апат орнына екі сағат өткеннен кейін шақыртылған. Бұл жайлы Үкімет үйінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов айтты.
«Бұл қайғылы оқиға таңғы 4:10-да болған. Өкінішке қарай, бұл хабар бізге 6-дан 8 минут кеткенде түсті. Яғни екі сағат өткеннен кейін хабарланды. Бұл азаматтық қорғау саласына қатысты ережелерге қайшы. Хабар келген соң, біздің құтқарушылар апат орнына санаулы минутта жеткен. Бірақ мекеме қызметкерлері құтқарушылардың ішке кіруіне кедергі келтірген. Осы себепті оларға қатысты әкімшілік шара қолданылып жатыр», – дед...