Депутат Ерлан Саиров лотерея ойнатып, курс сатып жүрген коучтарға салық төлеуді міндеттеуді, ал салық органдарына блогерлерге арнап түсіндіру сабақтарын өткізуді ұсынды.
«Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде коуч-инфлюенсер деп аталатын онлайн лотерея ұйымдастырушылардың заңсыз әрекеттері жиілеп кетті. Олар билеттер мен түбіртектер, туристік пакеттер, құрал-жабдықтар, зергерлік бұйымдар, сәнді жылжымайтын мүліктер мен автокөліктер сатамыз деген желеумен заңсыз лотерея ойындарын өткізеді. Мұндай гивтер мен акциялар заңсыз», – деді депутат.
Айтуынша, соңғы бір жылда лотерея мен бағалы жүлделердің ұтыс ойындарын заңсыз ұйымдастыруға қатысты 106 жағдай тіркеліп, 46 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Бірақ соған қарамастан, әлеуметтік желіде заңсыз...