«Бәйтерек» холдингі 2024 жылы 416 млрд теңге таза пайда алған. Ал активтері 14,1 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 млрд теңгеге артық (+2%), ал активтер 4%-ға өсті. Холдинг активтерінің рентабельділік көрсеткіші (ROA) 3%-ды құраған.
«Бәйтерек холдингі» қандай жобаларды қаржыландырды?
«Бәйтеректің» еншілес ұйымы – Қазақстанның Даму Банкі 21 инвестициялық жоба және 35 экспорттық операцияны қаржыландырған. Жалпы сомасы 1,46 трлн теңгеге 4 банктік кепілдік берілді. Сонымен қатар 28 инвестициялық нысан іске қосылып, 500-ден астам шағын және орта бизнес кәсіпорны қаржылай қолдау алды.
2024 жылы АӨК қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеден асып, 17 740 ауыл шаруашылығы өндірушіс...