Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік «СҚ-Фармация» компаниясынының 315 млрд теңгеге 92 заңсыз шарт жасасқанын анықтаған.
Агенттік ақпаратына сүйенсек, 36 отандық өндірушімен жалпы көлемі 315 млрд теңгеге жасалған 92 шарттың айқын болмауы, іс жүзінде отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуға ниеті жоқ компанияларды негізсіз байытуға ықпал еткен. Сонымен қатар 8 отандық өндірушінің қызметінде нақты өндірістің орнына шетелдік өнімдерді (қолғап, шприц, йод және т.б.) әкелу белгілері бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тексеруіне қатысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да түсініктеме берді.
«Сыбайлас жемқорлық агентігі мен денсаулық сактау министрлігі бірлесіп жылдың 1-тоқсанында «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеру жұмыстарын...