Ұлттық банк Бірыңғай зейнетақы қорының ақшасын пайдалана отырып, үшінші тоқсанда банк облигацияларын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елорда да өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, бізде корпоративтік несие беру көрсеткіші артып келеді. Бірақ біз оның экономикалық әлеуетімізге сәйкес жылдам қарқынмен өскенін қалаймыз. Бұл ретте қандай проблемалар бар екенін қарастырамыз. Екінші деңгейлі банктер көтерген ең маңызды мәселе ұзақ мерзімді теңгелік ресурстар болды», – деп түсіндірді Сүлейменов.
Банктер алған қаражатты бизнесті қаржыландыруға жұмсайды.
Оның айтуынша, қазір банктердің активтері негізінен депозиттерден тұрады. Оларды «ұзақ мерзімді» ресурстар деп санауға болмайды. Өйткені оларды оңай...