Қаңтар айында Қазақстандағы жылдық инфляция жеделдеп, 8,9%-ды құрады. Инфляция 2024 жылдың желтоқсан айында 8,6% болған. Жылдық инфляция 14 өңірде қарқын алып, 6 өңірде өзгеріссіз қалған.
Ұлттық банк статистикасына сәйкес, өңірлер арасында ең жоғары инфляция Астана қаласында тіркелген.
Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 5,8%-ға дейін өсті. Әсіресе, Жетісу облысында азық-түлік қатты қымбаттаған. Ал Түркістан облысында баға аса көтерілмеген.
Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,4%-ға дейін жеделдеген. Бұл тауарлардың бағасы Түркістан облысында қатты көтерілсе, Павлодар облысында көп қымбаттамаған.
Халық мұны тіпті жоғары деңгейде сезінетінін ескерсек, келесі жылы 14,6%-ға дейін өсуі мүмкін. Сүлейменов мұндай жағдайда базалық мөлшерлемені төмендету...