Қазақстан арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға тасымалданатын Ресей газының көлемі артады. Одан бөлек Түркіменстан мен Өзбекстан газын Қытайға транзиттеу көрсеткіштері де өсуі мүмкін. Бұл жайлы Үкімет сағатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
«Өткен жылдың қазан айында Ресей газын Өзбекстан Республикасына транзиттеу іске қосылды. Өткен жылы 1,28 млрд текше метр тасымалданды. Биыл біз оны 3,8 млрд текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Кейін тағы да жылына 11 млрд текше метрге дейін ұлғайту көзделеді», – деді министр.
Ол Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келе жатқанын айтып, түрікмен және өзбек газын Қытай Халық Республикасына транзиттеу көлемін арттыру...