Қазақстан даму банкі (ҚДБ) агроөнеркәсіптік кешен мен тағам өнекәсібін дамытуға 500 млрд теңге бөледі. Бұл қаржы 2024-2029 жылдары АӨК , тағам және сусын өндірісі секторындағы инвестициялық жобаларды қолдау бағдарламасы аясында бөлінбек. Бағдарламада АӨК-тегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру міндеті қойылған.
Бағдарлама аясында бөлінетін қаржы 500 млрд теңгені құрайды. Фермерлер 5-20 жылға 3 млрд теңгеден бастап қаржы ала алады.
«Бағдарламаның негізгі мақсаты – импортты алмастыру және экспортты кеңейту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған инвестициялық жобаларды қолдау. Осы бағдарлама аясында екі инвестициялық жоба мақұлданды – бұл ет өндіретін құс фабрикасы және қапталған...