Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Қазақстан» қонақүйінің иесін мәдени маңызы бар субұрқақты жаңғыртуға міндеттеді. Бұл жайлы Жоғарғы соттың телеграм арнасында хабарланды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы қонақүй иесінен су бұрқақты жаңғыртуды талап еткен. Алайда қонақүйге иелік ететін компания жаңғыртуға қатысты әкімдік бекіткен нұсқамаларды орындаудан бас тартқан.
Бұл компания «Қазақстан» қонақүйіне іргелес аумақта субұрқақты жаңғырту жұмыстарын жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптама қорытындысынсыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз жүргізген. Қаланың сәулет талаптарына сәйкес қонақүй субұрқаққа қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуі керек болған. Алайда меншік иесі бұл талаптарды бұзып, субұрқақ орнына бассейн құрылысын бастаған. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстарын рұқсат...