2026 жылдың қаңтарынан Қазақстанда уран өндіруге салынатын салық 4-18 пайызға дейін көтеріледі. Құн өндіріс көлеміне байланысты болады. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы хабарлайды.
Уран өндірісіне салынатын салықтың көбеюіне Салық кодексіне енгізілген өзгерістер себеп болған.
«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын енгізілген өзгерістерге сәйкес уранға тау-кен өндіру салық базасы өндірілген уран мөлшеріне және 6% мөлшерінде тау-кен өндіру салықтын мөлшерлемесіне көбейтілген, белгілі бір есепті кезеңдегі жария көздерден уранға орташа өлшенген баға (U3O8 табиғи уран концентраты нысанында) ретінде айқындалады»,- деп көрсетілген хабарламада.
2025 жылдың басынан уранға қолданылатын тау-кен өндіру салық мөлшерлемесі 9%-ды құрайды. Ал...