Оңтүстік астанадағы жазғы фестивальдер маусымы жалғасын тауып, Алматы алақандай көрінетін «Көк-Төбе» мәдениет және демалыс саябағында рок музыкасының тыңдармандарына арналған ауқымды фестиваль өтті.
Rock Tobe Fest – ашық аспан астында 2000-ға тарта көрерменнің басын қосқан кеш. Кеш ұйымдастырушысы – Kinomany.band командасының көшбасшысы, Алматыдағы бірінші рок клубының негізін қалаушы Асылтай Әбдікәрім. Оның айтуынша, биыл шараның ауқымы кеңейе түскен.
«Мерекелік шара күндізгі 15.00-ден түнгі 23.00-ге дейін болды. Осы аралықта нақты 2000 адамды қамтыдық дей аламыз. Алайда концерт ашық алаңда өтті. Келушілер, сырттан қарап кеткендер тіптен көп болды. Бүгінгі таңда қаладағы рок мәдениетін дамытып, осы бағытта үлкен фест ұйымдастыру жауапкершілігін...