Прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмыс жүргізіп, мемлекет меншігіне 300 млн теңгеден астам кіріс түсірді. СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі осындай хабарлама таратты.
Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлер Жер кодексінің талаптарын бұзып, жалпы ауданы 10,2 мың га болатын 14 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін ұзақ уақыт бойы өз мақсаты бойынша пайдаланбаған.
Прокуратура шараларымен жоғарыда аталған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып, бүгінде заңды экономикалық айналымға енбек. Сонымен қатар Қызылжар ауданы прокурорының талабы бойынша қала маңындағы беделді аудандағы 47 гектар заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды. Қадағалау шараларымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам активтер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл...