Енді қазақстандық жолаушылар пойыздың әр кешіккен сағаты үшін билет құнының 10%-ы мөлшерінде өтемақы алуы мүмкін. Үкімет басшысы Олжас Бектенов өтемақы құнын көтеру мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.
Премьер-Министр Сенаторлардың депутаттық сауалына жауап берді. Олжас Бектеновтың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта жолаушылар пойыздарының кешіккені үшін өтемақы төлеу процесін жеңілдету мәселесіне көңіл бөлген. Өтемақыны электрондық агрегаторлар (bilet.railways.kz, Kaspi.kz, Halyk Travel, Aviata және т. б.) арқылы төлеу мүмкіндігі пысықталып жатқанын хабарлады.
«Бүгінгі таңда өтемақы сомасының мөлшерін 3 %-дан 10 %-ға дейін ұлғайту мәселесі қарастырылуда. Аталған мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында және тиісті жұмыс жалғасатын болады», -делінген Үкімет басшысының депутаттарға берген жауабында.
Бектенов...