Бір жылдық республикалық бюджетке тең: халықтың мойнындағы кредиті 22,6 трлн теңгеге жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
кредит
Халықтың мойнындағы кредиті 22,6 трлн теңгеге жетті / Фото: shutterstock

Қазақстанда халықтың алған несиесі бизнеске берілген кредиттен 3,5 трлн теңгеге асып түсті. 2025 жылдың 1 ақпанына қарай ел экономикасына берілген жалпы несие көлемі 41,7 трлн теңгені құраған.

Соның оның ішінде бизнестің алған несиесі 19,1 трлн теңгеге жетсе, (45,8%), халықтың мойнындағы борышы 22,6 трлн теңгеге тең. Бұл Қазақстанның республикалық бюджетінің бір жылдық кірісінен асып түседі. 2025 жылы ел бюджетіне кемі 21,4 трлн теңге түседі деп жоспарланған.

Ұлттық банк «халықтың кредитіне» кәсіпкерліктен басқа мақсатта алынған кредиттерді жатқызады. Яғни тұтынушылық несие, автонесие мен ипотека осы қатарға кіреді.

14,7 трлн теңгенің 37,7 трлн теңгесі – ұлттық валютада алынған кредит. Халық пен бизнес 4 трлн теңге несиені шетел валютасында рәсімдеген.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың ақпанында екінші деңгейлі банктер мен Қазақстанның Даму Банкі (БРК) бизнеске берген несие көлемі 167 млрд теңгеге азайған.

Халыққа берілген несиенің өсуіне бірнеше себеп бар

Олар:

  1. Тұтынушылық несиеге сұраныстың артуы
    Соңғы жылдары халық арасында тұтынушылық несиеге деген қызығушылық күрт өсті. Бұл, әсіресе, тұтыну тауарлары мен қызметтерге жоғары сұраныс, инфляцияның өсуі және өмір сүру деңгейін ұстап тұру қажеттілігімен байланысты.
  2. Ипотекалық және автонесиелеудің дамуы
    Мемлекеттік бағдарламалар мен банктердің жеңілдетілген ипотека және автонесие ұсыныстары азаматтарды несие алуға ынталандырды.
  3. Бизнес несиелеріне сұраныстың тұрақтануы
    Бизнеске берілетін несиелердің өсу қарқыны халықтың несиесіне қарағанда баяу болды. Бұл кәсіпкерлер үшін несие талаптарының қатаңдауы, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі және инвестициялық белсенділіктің бәсеңдеуімен түсіндіріледі.

Айта кетейік, 2024 жылы экономикаға берілген кредит көлемі 22% өскен болатын. Жыл соңында жалпы экономикаға беліген несие көлемі 40,9 трлн теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыз