Наурыз айында елімізде 276 тонна тазартылған қант пен химиялық таза сахароза өндірілді. Бірінші кредитік бюро мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 56 есе немесе 98,2%-ға төмен.
Қаңтар мен ақпан айында да қант өндірісінің көрсеткіші 7,5 мың тоннаға дейін, яғни 89%-ға құлдырады. Жыл басынан бері экспорт көлемі 33 мың тоннаға жетті. Бір жыл бұрын экспорт мүлдем жоқ болды деуге келеді.
Бірақ импорт ресми түрде бір жылмен салыстырғанда 2,6%-ға ғана өсіп, 96,6 мың тоннаны құрады. Зауыттар жақында Ресейден келетін өнімнің тым көптігіне шағымдануда. Былтырдан бастап Қазақстан кәсіпорындары нарықтағы қысымды сезіне бастады.
Ресей жақында қант экспортына шектеу енгізген болатын. Десе де...