Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Қарағанды облысының Нұра ауданында 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұра ауданының прокуратурасы аудандағы білім беру ұйымдарын тексерді. Соның нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі және денсаулық сақтау салаларындағы көптеген заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, ауданның кейбір мектептерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік құралдар табылды.
Белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін дезинфекциялық ерітінділер тіркелді. Мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде барлық анықталған бұзушылық жойылды. Тексеріс нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысы прокуратурасы қайтыс болған адамның туған немересі зейнетақы банк картасын...