Акцияларының 100%-ы Dutch Petroleum Partners B.V.-ге тиесілі «Әскер Мұнай Эксплорэйшн» компаниясы, 2022 жылғы 5 миллиард теңге, 2023 жылы 4,3 миллиард теңге шығынға батты. Соған қарамастан Ақтөбе облысындағы Бурбайтал Надсолевое кен орнында коммерциялық өндіруді бастауды жоспарлап отыр.
Аудиттелген қаржылық есепке сәйкес компанияның жиынтық активтері 2022 жылдың соңында 33,1 млрд теңге болса, 2023 жылғы 31 желтоқсанда 31,9 млрд теңгеге дейін төмендеді. Бір жыл бұрынғы есеппен салыстырғанда 2023 жылдың соңында өтелмеген шығын 10,1 млрд теңгеден 14,4 млрд теңгеге дейін өсті.
Компания ұзақ мерзімді несиелік міндеттемелерді бір жыл бұрынғы 0 теңгеден 2023 жылдың аяғында 37,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Ағымдағы міндеттемелер 2022 жылды...