Арнайы жұмыс киімін шығаратын Lakeland Industries компаниясының акция бағасы 2 шілде күні 6%-дан аса қымбаттады. Компания Германиядағы бәсекелесі LHD Group Deutschland-ты және оның Гонконг пен Аустралиядағы еншілес компанияларын сатып алғанын хабарлады.
Толығырақ
Lakeland акциялары сейсенбі, 2 шілдеде, Nasdaq-та 6,26% – ға қымбаттап, бір қағаздың бағасы 22,39 долларға дейін көтерілді.
Сейсенбіде компания өрт сөндіру және құтқару бизнесімен айналысатын германиялық LHD Group Deutschland компаниясы мен оның Гонконг пен Аустралиядағы еншілес кәсіпорындарын сатып алғанын хабарлады. LHD сайтында 1 шілдеден бастап оның жалғыз иесі Lakeland екені жазылған.
Мәміленің құны шамамен 16,3 млн доллар болған. Осы қадамның арқасында Lakeland компаниясыны...