2024 жылы Ресейдің Украина құбыр жүйелері арқылы мұнай тасымалдау көрсеткіші 15 пайызға, яғни 11,5 млн тоннаға (тәулігіне 230.3 мың баррель) азайды.
Ресей мұнайын экспорттау неге азайды?
Мәліметті Reuters агенттігі «Ведомости» газетінің дерегіне сілтеме жасай отырып таратты.
Газеттің Ресей Энергетика министрлігі мәліметтерімен таныс екі дереккөзінің айтуынша, федерацияның батысқа мұнай экспортының 42%-ы Венгрия үлесіне тиесілі. Былтыр Венгрия Ресейден 4,8 млн тонна мұнай алған. Словакияға мұнай экспорттау көрсеткіші 13%-ға, яғни 4 млн тоннаға, ал Чехияға мұнай жеткізу 2,7 млн тоннаға дейін кеміген.
Ресей мұнайды Украина аумағымен КСРО кезінде салынған «Дружба» мұнай құбыры арқылы экспорттап отыр. Оның оңтүстік тармағы Венгрия...