Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев әйелінің Бурабайда қонақүй бизнестері барын мойындады. Ол мемлекеттік қызметке дейін де бизнеспен айналысқанын мәлімдеді.
Үкіметте өткен баспасөз жиынында министр туған-туыстарының бизнесі жайлы журналистердің сұрағына жауап берді.
«Бұған дейін де бұл жайында айтқан едім. Иә, отбасымыз бизнеспен айналысады, бірақ оның Туризм және спорт министрлігіне еш қатысы жоқ. Мемлекеттік қызметке келген 2008 жылға дейін бизнеспен айналысқанбыз. Ол кәсіпорынға биыл 30 жыл болады»,- деді Ермек Маржықпаев.
Маржықпаев бұл тұрғыда «мүдделер қақтығысы» болмайды деп сендірді.
«Министр жұмысы мен Бурабайда орналасқан шағын қонақүйлер арасында қандай мүдделер қайшылығы болуы мүмкін? Мұны...