ШЫҰ саммиті қарсаңында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Қытайдың жетекші қаржы институттарымен келісімдерге қол қойды.
Ұзақмерзімді қаржы ресурстарын тарту арқылы инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі және «жасыл» энергетика, агроөнеркәсіп салаларын инвестициялау көзделген.
Қытай құрылыс банкінің (China Construction Bank) Астанадағы бөлімшесі Қазақстан даму банкіне 500 млн АҚШ доллары сомасында жеңілдетілген кредиттік қаражат бермек.
Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім бойынша банк инвестициялық жобаларды қаржыландырмақ.
Қытайдың мемлекеттік даму банкі (China Development Bank) ҚДБ-ға 250 млн АҚШ доллары және 2 млрд Қытай юані сомасында жеңілдетілген кредит беруді көздейді. Несие қаржысы жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автожолдарды қалпына келтіруге бағытталады...