2023 жылдың маусымында «Семей орманы» резерватында болған өртке екі адам кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл жайлы Абай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Бородулиха аудандық сотында «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының екі қызметкеріне қатысты абайсызда 14 адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу туралы қылмыстық іс қаралды»,– делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Семей орманы» резерватында және Новошульба филиалында басшылық лауазымдарды атқарған В. және К. есімді азаматтардың үстінен сот жүрген. Олар орман өрті кезінде өздеріне жүктелген өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыпталған...