Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Өз құттықтауында президент журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
«Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқарады. Баспасөз саласын дамыту, сондай-ақ журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі», – делінген Ақорда хабарламасында.
Тоқаев журналистердің халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті.
«Қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, аға буын қалыптастырған ерекше қолтаңбасы бар. Біз оның бай...