2024 жылы акционерлерін ауыстырған қазақстандық банктер

Жарияланды
банктер
Қазақстандық банктердің акционерлері кімдер / Фото: shutterstock

Өткен жылы екі қазақстандық банк акционерлерін ауыстырды. Тағы екі банктің акционерлері басқа қатысушылардағы бағалы қағазды сатып алып, өз үлестерін көбейтті.

Forbes.kz мәліметінше, 2024 жылы «Бәйтерек» холдингі Bereke Bank-тың 100% акциясын қатарлық Lesha Bank-ке сатты. Мәміле құны 65 млрд теңгені құрайды.

Жазда реттеуші арабиялық Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB) қаржы ұйымына Al Hilal-дың 100% акцияларын сатып алуға рұқсат берді. Ал күзде ADCB Al Hilal-ді толығымен иеленіп, банк атауын ADCB Ислам Банкі деп ауыстырды.

Home Credit Bank-тің акционерлер құрамында да өзгерістер болды. Халықаралық PPF инвестициялық-қаржылай корпорациясы 2024 жылдың ІІІ тоқсанында топ-менеджер Павел Горактан акцияларын сатып алды. Осылайша қазақстандық қаржы ұйымындағы үлесін 7,5%-дан 9,9%-ға дейін көбейтті. Бірақ банктің ірі акционері ретінде чех миллиардері Иржи Шмейц қала береді. Ол банк акцияларының 34,7%-ын иеленеді.

ForteBank мажоритарлық акционері Болат Өтемұратов ( «Ең дәулетті 75 бизнесмен» тізімінде 6-орын, 2024) банктегі үлесін 80,11%-дан 89,01%-ға дейін ұлғайтты. Ол Centras Group  холдингінің иесі Елдар Әбдіразақовтан («Ең дәулетті 75 бизнесмені» тізімінде 70-орын, 2024) 1,5% үлесін және өзінің ұлы Әлидар Өтемұратовтан 7,34%-ын сатып алды.

Forbes мәліметінше, осы жылдың басындағы есеп бойынша елдегі 21 банктің тоғызы Forbes Kazakhstan тізіміндегі бизнесмендерге тиесілі.

2024 жылдың есебі бойынша, елдегі екінші деңгейлі банктердің активі 7,8 трлн теңгеге өскен. Бұл активтердің үштен екі бөлігі ең ірі Halyk Bank және Kaspi Bank-ке тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз