Kaspi Rabobank Turkey-ді сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Каспий
Фото: коллаж Курсив Медиа, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Kaspi.kz финтех холдингі Rabobank Group-тың Түркиядағы бөлімшесін сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы дереккөздеріне сүйенген Bloomberg жазады.

Басылымның хабарлауынша, «талқылау әлі жалғасуда, соңғы шешімдер қабылданған жоқ». Мәміленің жасалуы Түркияның реттеуші органдарының мақұлдауына байланысты болады.

KursivMedia бұған қатысты Kaspi.kz-ке сауал жіберді.

Rabobank – Нидерландтағы ірі кооперативтік банк, елдегі ең ірі қаржы ұйымдарының бірі, ING банкінің ізін басып келеді. 2024 жылдың желтоқсанына дейін оның Түркиядағы бөлімшесі Rabobank Turkey-дің жалпы активтері 52 миллион долларды құраған.

Бұл – Kaspi.kz-дің Түркиядағы екінші ірі саудасы. 2024 жылдың қазанында компания Hepsiburada онлайн-маркетплейсін сатып алатынын жариялады. Бұл келісім 17 қазанда жасалып, Kaspi.kz маркетплейстің акционерлері – Ханзаде Доған, Вуслат Доған Сабанджи, Бегюм Доған Фаралиали, Арзухан Доған Ялчындағ және Ишил Доған сынды сатушылар тобымен келісімге келген.

2025 жылдың қаңтарында толық сатып алу процесін аяқтады. Мәміленің жалпы сомасы 1,127 млрд долларды құрады. Оның ішінде 600 млн доллар сатушыларға бірден төленсе, қалған 526,9 млн доллар мәміле жабылғаннан кейін алты ай ішінде төленеді.

Сондай-ақ оқыңыз