2024 жылы шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетті. Оның 30-ы бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйінсек, атқарылған кешенді шаралардың арқасында жыл сайын суға батып қайтыс болғандар саны азайып келеді. Дей тұрғанмен, әр статистиканың артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ескерер болсақ, соңғы 10 жылда 2 мыңнан астам адам суға кетті. Оның 701-і бала.
«Бұл жерде назар аударатын басты нәрсе: әрбір азамат жол жүру ережесін қалай сақтаса, судағы жүріп тұру қағидаларын да қатаң сақтауы тиіс. Біз қанша ескерту жасап, дәріс өткізу жұмыстарын жүргізгенімен, алдын алу шараларын ұйымдастырғанымен, жауапкершілік әрбір...