Қазақстан молдовалық бизнесмен Анатол және Габриэль Статимен арадағы дауда бір келісімге келген. Бұл туралы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.
«Қазақстан үкіметі Стати бизнес отбасымен ұзаққа созылған дауды шешті», – деп хабарлаған ҚазТАГ агенттігінің дереккөзі.
Сонымен қатар бұл келісімде Қазақстан бюджетінен қаржы жұмсалмайтыны жазылған.
«Стати ісіне» қанша қаржы кетті?
Стати дауының бітпей келе жатқанына 12 жыл болды. Бюджеттен жыл сайын қыруар қаржы шығындалуда. Бейресми мәлімет бойынша, Қазақстан жыл сайын шетелдік адвокаттарды жалдауға 60 млн доллар жұмсап жатыр. Әділет министрі Азамат Есқараев былтыр істі сағызша созбай, мәселені шешуді қалайтынын...