Бұрынғы Инвестициялар және даму вице-министрі (қазіргі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) Арыстан Қабикеновке тиесілі «Keneitu Ltd.» жеке компаниясына Абай және Маңғыстау облыстарында қатты пайдалы қазбаларды барлауға айрықша құқық берілмек. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабының 2-тармағы, 2024 жылғы 29 мамырдағы инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысы хаттамасының 6.2-тармағына сәйкес Үкімет қатты пайдалы қазбаларды барлауға айрықша құқық береді. Абай облысындағы «Шунай» кен орны бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға байыту-өндірістік кешен салуға (қуаты 100 мың тонна катодты мыс, инвестиция көлемі кемінде 300 млрд теңге және 800 жұмыс орнын...