KEGOC 2023 жылғы таза пайданың 97%-ын, яғни 42,1 млрд теңгені дивиденд төлеуге жібереді. Бір қарапайым акцияға 157,24 теңге төлемек. Дивиденд мөлшері туралы шешім 2024 жылдың 2 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданған.
2023 жылдың екінші жартыжылдығында компанияның бір қарапайым акциясына төленетін дивиденд көлемі 79,5 теңгені құрайды. Бұған дейін 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ акционерлерге бір акцияға 77,74 теңге дивиденд төлеген болатын.
«Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерге бір жылдағы таза пайданың 97%-ы, 42,1 млрд теңге немесе бір қарапайым акцияға 157,24 теңге мөлшерінде бағытталатын болады»,- делінген хабарламада.
2023 жылдың екінші жартыжылдығында...