Қазақстанда «Келешек» жинақ жүйесі биыл жыл соңына қарай іске қосылады. Осының арқасында ата-аналар арнайы шот ашып, балаларының оқуына ақша жинай алады. Бұл жайында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
Ведомство басшысы «Келешек» жинақ жүйесі туралы заң жобасы әзірленіп, Мәжіліске жіберілгенін мәлімдеді. Жоба операторы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты қаржы орталығы болады. Қазақстандықтар арнайы шотты кез-келген банктен аша алмайды.
«Балаға болашақта жоғары білім алу үшін арнайы шот ашуға болады. Оған мемлекет 60 АЕК (221,4 мың теңге) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын енгізеді және жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақыны және инвестициялық табысты аударатын болады...