Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан алдағы жылдары мұнай экспортында Ресейге тәуелділігін сақтап қалады деп болжайды. Бұл туралы агенттік «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының» ұзақмерзімді дефолт рейтингін «BBB» деңгейінде растаған мәлімдемесінде жазады.
«ҚазМұнайГаздың» рейтингі оның түпкі акционері – Қазақстанның егемен рейтингімен теңестірілген (BBB/ Болжам – Тұрақты).
«Қазақстаннан теңізге шығар жол болмағандықтан, 2023 жылы ел мұнайының басым бөлігі Ресей арқылы экспортталды. Қазақстан мұнайының шағын бір бөлігін Қазақстан-Қытай құбыры арқылы, Әзербайжан, Грузия және Түркияға теңіз немесе теміржол арқылы экспорттай алады. Дегенмен, бұл бағыттар айтарлықтай қымбат және қосымша инфрақұрылымдық инвестицияны қажет етуі мүмкін. Қазақстан Ресей арқылы мұнайды экспорттауын жалғастыра...