Алматы тұрғындары ыстық су мен жылуға жалпы сомасы 2,1 млрд теңге қарыз. Алматының коммуналдық қызметтері су мен жылу ақысын төлемеген абоненттерден сот арқылы қарызын өндіріп алмақ. Ал қарызын толық өтегенше, үйіндегі ыстық суы өшіріледі.
Әкімдіктің хабарлауынша, күн сайын мамандар «Алматы жылу жүйесіне» қарызы бар ондаған борышкердің үйіндегі ыстық суын өшіріп жатыр. Коммуналдық ақыны екі айдан аса кешіктірген адам борышкер қатарына кіреді. Коммуналдық қызметтер алдымен қарызды өтеу туралы хабарлама жібереді. Тұрғын сонда да қарызын төлемесе, онда басқа шаралар қолданылады.
«Борышкерлерге ыстық су беруді шектеу – бұл еріксіз қолданылып отырған шара. Кәсіпорын мұндай шараға баруға...