Парламент Мәжілісінде енгізілген түзетулер аясында дербес деректерді қорғау заңнамасын бұзғандарға салынатын әкімшілік айыппұл көлемін үш есеге арттыру ұсынылып отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға жауабында жазылған.
«Жаңа заңнамалық бастама аясында жеке деректердің сыртқа тарауының жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында суперәкімшілер қызметін бақылауды талдауға қарсы, сондай-ақ ботқа қарсы жүйелерді енгізу жоспарлануда. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жеке деректерді, электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімін ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізілді (әкімшілік айыппұл сомасын үш есеге ұлғайту). Өзгеріс ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралып жатыр...