Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет сағатында тарифтерді көтеруді әдетке айналдырған байланыс операторларының жұмысын сынға алды. Үкімет басшысы операторлар арасында бәсекелестік байқалмайтынын, керісінше, барлығының бағасы бірдей екенін айтты.
«Операторлардың әдетке айналдырған тарифтер құнын ұлғайту мәселесі жеке назарды талап етеді», – деді ол.
Премьер-министрдің айтуынша, бәсекелестікті дамыту мақсатында байланыс қызметтерінің тарифтерінен мемлекеттік реттеу алып тасталғанымен, баға реттелмей отыр. Сондай-ақ Салық кодексінің шеңберінде операторлар үшін радиожиілікті спектрге 90% мөлшерінде жеңілдік көзделген. Бұл берілген жеңілдікке сай, компаниялар лицензиялық міндеттемелерге сәйкес үнемделген қаражатты байланыс инфрақұрылымын дамытуға инвестициялауы керек болған. Алайда бұл міндеттемелер де лайықты деңгейде орындалып отырған жоқ. Елдег...