Парето заңы немесе 80/20 ережесі туралы жиі естіген боларсыз. Осы ереженің арқасында уақыт пен ресурсты дұрыс басқаруға болады. Мұндай пропорция ауадан жасалмаған. Кәдімгідей заңдылықтарға сүйеніп, есептегеннен шыққан. Мәні сол — әлдебір іске күшіңіздің 20 пайызын салсаңыз, ол сізге 80 пайыз нәтиже береді. Kursiv Media тілшісі Парето қағидасы туралы материал әзірледі.
Парето заңы деген не?
Мұны басқаша 80/20 ережесі немесе «Дисбаланс қағидасы» деп те атайды. Бұл заңдылықты экономист, әлеуметтанушы Вильфредо Парето енгізген. Ережеге сәйкес, нәтиженің 80 пайызы іске 20 пайыз күш салғанның әсерінен болады дегенге саяды. Бұл пропорция табиғатта да, тіпті автомат жүйелерде де кездеседі. Әрине, аздап өзгеруі мүмкін...