Қазақстанда «харассмент» және жыныстық тиісу үшін жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызмет брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров мәлімдеді.
«Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі харассмент үшін жауапкершілікті енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Түзетулер енгізу мемлекеттік органдарда талқылануда. Жақын арада бұл мәселе қаралады деп ойлаймын. Бұл заңды Еңбек министрлігі әзірлеп жатыр», – деді Зулхаиров.
Бұған дейін Үкімет депутаттардың харассмент пен сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жөніндегі түзетулерін қолдамаған еді. Бұл нормалар 15 маусымнан бастап күшіне енетін тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға енбей қалған.
KURSIV Media KZ берген сұхбатында...