Freedom Finance Global он бірінші ай Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты Орталық Азияның төрт елінің тұрғындарының тұтынушылық сенімділігін, инфляциялық және девальвациялық күтулерін зерделеуде. 2024 жылғы мамырда қайтадан әртүрлі қызықты нәтижелер көрсетті. Бірақ жалпы алғанда инфляциялық және девальвациялық көңіл-күйдің айтарлықтай жақсарғаны байқалды.
Мамыр айында тұтынушылық сенімділік индексі (CCI) бойынша елдер рейтингінің алғашқы өзгерістері байқалды. Екінші орынға енді Қырғызстан жайғасты, ол Өзбекстаннан озып отыр. Қырғызстан CCI индексінің айтарлықтай жақсарғанын көрсеткен және жаңа рекордқа қол жеткізген алғашқы ел. Ал Өзбекстанда бәрі керісінше. Сонымен қатар Қазақстан екінші ай қатарынан біртіндеп қалпына келіп, ресми түрде оң аймаққа оралды. Тәжікстан CCI индексі бұрынғы деңгейде сақталатын...