Қазақстан үкіметі үй салуға үлескерлердің қаражатын тартатын құрылыс компанияларын қатаң бақылауға алуға ниетті.
«Ашық НҚА» порталында мемлекеттік деректер базасын біріктіру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы Индустрия және коммуникациялар министрлігінің бірлескен бұйрығы жарияланды. Онда Үкімет әрбір үлестік қатысу шартын мемлекеттік органдардың тексеруі үшін арнайы жүйеде тіркеуді ұсынады. Жобаны талқылау 6 мамырға дейін жалғасады.
Құжатқа сәйкес, құрылыс компаниясы алдымен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат немесе Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігін алады. Алты күн ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып, тұрғын үй кешенін тіркеуге арналған өтінішін үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне жібереді(www.qazreestr.kz). Егер құрылыс компаниясы ұсынған құжаттар дұрыс болмаса, жергілікті атқарушы орган өтінімд...