Оңтүстік өңірелерде шегіртке қаптап кетті. Аптап ыстық салдарынан Түркістан облысында 60 мың гектарға зиянкестер таралып кеткен. Осыған орай, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров өңірлерге шұғыл жұмыс сапарымен аттанады.
Түркістан облысында аптап ыстық пен шегірткенің қосымша 60 мың гектар алқапқа таралуы жағдайды қиындатқан. 10 маусымдағы жағдай бойынша оның 45,3 мың гектары өңделген. Ал Арыста – 36,8 мың гектар, Шардара ауданында – 6,7 мың гектар, Келес ауданында – 1,6 мың гектар жер дәріленген.
«Белсенді таралу кезеңінде зиянкестермен күрестің әрбір күні өте маңызды. Сондықтан орталық жедел штаб аптасына екі рет отырыс...