Қазақстан университеттеріне жыл сайын 100-ден астам шетелдік ғалымдар келіп, жұмыс жасайды. Оларға оқу орындары 1 миллионға жуық жалақы төлейді. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки айтты.
Вице-министр Қазақстандағы ғылыми зертханалардың материалдық техникалық әлеуетін нығайту мақсатында қаржыландыру жылда бөлініп отыратынын мәлімдеді.
«Екі бағытта жұмыс жасалуда. Алғашқысында материалды-техникалық жабдықтау. Соңғы жылдары біздегі ғылыми мекемелерге 1 миллиардтан астам қаржы бөлінді. Жалпы үшжылдықтың ішінде 600 миллиардтан астам қаржы көзделген. Соның ішінде 20-30 пайызы керекті материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуге көзделген«,-деді вице-министр Сенат кулуарында.
Сондай-ақ вице-министр отандық ғалымдардың шетелдік әріптестерімен бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасаймыз деп түсіндірді.