Сот Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовты «Көшпенділер» фильмін түсіру кезінде қаржы жымқырғаны үшін шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырды.
«Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды», – делінген Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі хабарламасында.
Жұбандықов Алматы облысы Іле өзені жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» Бутафор бекінісін заңсыз іске асырып, мемлекетке залал келтіре отыра жымқырған деген күдікке ілінген.
«Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге...