Қазақстанның байланыс нарығындағы бәсекені күшейту үшін төртінші ұялы байланыс операторы қосылуы мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектің айтуынша, тағы бір ұялы байланыс операторын іске қосу үшін жиілік жолағы дайын тұр.
Қазақстанда қазір ірі үш байланыс операторы жұмыс істейді: Kcell/Aсtiv, Beeline және Tele2/Altel. Соңғысын жақында қатарлық инвестор сатып алған. Үкімет нарыққа шетелдік инвестордың келуі бәсекені арттырады деген үмітте. Нәтижесінде алдағы жарты жылда, біріншіден, байланыс сапасы жақсарып, екіншіден, тариф арзандауы тиіс.
Егер нарықтағы жағдай өзгермесе, Цифрлық даму министрлігі төртінші байланыс операторын ашпақ.
«Мен қазір ұялы байланыс операторларының құлақ асқанын қалаймын: егер нарықтағы...