Мамыр айында іскерлік белсенділік өндірісте, қызмет көрсету секторында және құрылыста жақсарды. Бұл туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин айтты.
Алайда тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш теріс аймақта қалып отыр.
«Тау-кен өндіру өнеркәсібінде еңбекпен қамтудың төмен деңгейі іскерлік белсенділіктің өсу барысын тежеді. Мұнда индекс 49,0-ге дейін (сәуірдегі 47,1-ден) жоғарылағанына қарамастан, көрсеткіш теріс аймақта қалды», – деп жазылған бас банк хабарламасында.
Жалпы алғанда индекс 50,7 болып, жақсару үрдісін жалғастырды. Көрсеткіш төрт ай бойы оң аймақта тұр.
Өндірісте, қызмет көрсету секторында және құрылыста көрсеткіш жақсарды. Аталған секторларда іскерлік индекс тиісінше 51,5, 50,6, және 52,0 (сәуірде – тиісінше 50,8, 51,4 және...