Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтті. Cоның аясында өткен келіссөздерде Қазақстан мен Беларусь республикасының екіжақты тауар айналымы былтыр 912 млн долларға жеткені белгілі болды. Екі ел сауданы әртараптандыруға әзір.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен кездескенде Қазақстан шамамен 105 тауар позициясы бойынша 265 млн долларға экспортты ұлғайтуға дайын екенін айтты. Ауыл шаруашылығы бойынша байланыс нығая түспек. Беларуссиямен бірге тракторлар мен комбайндарды және өзге де техниканы құрастыру бойынша жалпы құны $200 млн-нан асатын 11 жоба іске асырылды, 1,6 мың жұмыс орны ашылды.
Бектенов «Белагро-2024» халықаралық көрмесі аясында өткен «Еуразиялық экономикалық одақтың азық-түлік қауіпсіздігі» пленарлық сессияда сөз...