Ақтөбеде өткен «Владимир Дворковичтің мемориалы – Aktobe Open 2024» халықаралық шахмат турнирінде ирандық Пархам Магсудлу жеңіске жетті. Бұл жайлы KazChess шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл турнирде 21 елдің 100-ден астам атақты шахматшылары бақ сынаған. Шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі, ФИДЕ, Ақтөбе облысы әкімдігі және Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен KazChess /Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған. Бұл классикалық шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы 2024 жылғы Республикалық кубогының 1-кезеңі саналады.
Аталмыш шараның бас демеушілері Freedom Holding Corp. пен Ақтөбе мыс компаниясы. 2 маусым күні аяқталған турнирдің сыйлық қоры 100 мың долларды құраған. Нәтижесінде жарыс жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар...