Алматы әуежайының жаңа терминалы 1 маусымнан бастап іске қосылып, таңертең терминалға Лондоннан Алматыға ұшып келген алғашқы жолаушыларды қарсы алды.
Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Лондон-Алматы бағыты бойынша Air Astana әуекомпаниясының КС–664 рейсі әуежайға сағат 08.50-де қонды. Airbus-А321 әуе кемесінің бортында 94 жолаушы болған.
Алматыдағы жаңа терминалдан алғашқы болып Алматы-Доха бағыты бойынша Air Astana-ның КС–653 рейс жолаушылары ұшқан. Бортта 166 жолаушысы бар рейс сағат 09.50-де көкке көтерілген.
Жаңа терминалдың ауданы – 53 мың шаршы метр. Енді әуежайдың өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін өседі. Болашақта әуежайда қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялардың 10 елге жасалатын бағыты бойынша 15 халықаралық бағыт іске қосылады...