31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Биыл сол мақсатта бюджеттен 2,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Бұл қаражаттың 1,5 млрд теңгесі жәрдемақы ретінде берілсе, 1,2 млрд теңгесі біржолғы ақшалай көмек ретінде берлімек.
«2003-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 769 теңге мен 369 200 теңге аралығында. 2024 жылға республикалық бюджетте аталған мақсаттарға 1,2 млрд теңге қарастырылған», – дейд...